Ауылдардағы 600-ден астам нысан жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылды

Ауылдардағы 600-ден астам нысан жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылды
Фото: freepik.com

330 ауылдағы 584 нысан спутниктік байланыс арқылы интернетке қол жеткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«14 ауылдағы 24 нысан тұрақты әрі жоғары жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін талшықты-оптикалық байланыс желісі арқылы қосылды», делінген хабарламада.

Министрлігі «Қазақтелекоммен» арадағы инвестициялық келісімге сәйкес  «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бойынша ауылдық елдімекендерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіп жатыр.

Жалпы алғанда, жоғары жылдамдықты интернет 3 мыңнан астам ауылға жеткізіледі. 2027 жылдың соңына дейін тағы 3 мыңнан астам ауылды магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосу жоспарланған.

Жобаны іске асыру нәтижесінде елдегі ауылдардың 90%-дан астамы сымды технологиялар арқылы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылып, 2027 жылдың соңына қарай елдегі жоғары жылдамдықты интернеттің жалпы қолжетімділігі 99%-ға жетеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асатынын  жаздық.