Қаңтардан бастап жерге қатысты үш қызмет қашықтан көрсетіледі

Бүгін, 16:26
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Қаңтардан бастап жерге қатысты үш қызмет қашықтан көрсетіледі
фото: Elordainfo.kz

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімінұзарту немесе жерді жекеменшікке рәсімдеу енді онлайн қолжетімді, деп хабарлайды Elordainfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2026 жылдың қаңтарынан бастап жерге қатысты үш қызмет қашықтан көрсетіле бастады.

Енді онлайн түрде:
-жердің нысаналы мақсатын өзгертуге;
-жалдау мерзімін ұзартуға (өтінішті мерзімі аяқталуға 90күн қалғанда беруге болады);
-жер учаскесін жекеменшікке сатып алуға, толық төлемменнемесе бөліп төлеу арқылы рәсімдеуге болады.

Өтініш электрондық үкімет порталы арқылы қабылданады, алөтініштің мәртебесін онлайн бақылауға болады.
Бұл өзгерістер 2026 жылы жарияланған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында жүзеге асырылып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін жер учаскесін сату, оның нысаналы мақсатын өзгертуді eGov.kz-те рәсімдеуге болатынын жаздық.