Жер учаскесін сату, оның нысаналы мақсатын өзгертуді eGov.kz-те рәсімдеуге болады
27 қаңтар, 2026
Фото: freepik.com
Жер ресурстарын басқару комитеті жер қатынастары саласында жаңа мемлекеттік қызметтерді іске қосты, деп хабарлайды Elordainfo.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаңтар айынан бастап eGov.kz порталында жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту, жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату, сондай-ақ жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім беру мемлекеттік қызметтері қолжетімді болды.
Электрондық қызметтерді Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті мен Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі бірлесіп кен жұмысы аясында жүзеге асырды.
Еске салкетсек, елімізде жыл соңына дейін геологиялық деректер толық цифрландырылады.
Ұқсас жаңалықтар
19 маусым, 2026
Елордада «INVEST CARAVAN» жобасы аясында инвесторлардың өзекті мәселелері қаралды
19 маусым, 2026
Алматыда жаңа психоактивті заттар мәселесі бойынша өңірлік кездесу өтті
19 маусым, 2026
Құтқарушылар су айдындарында қауіпсіздік шараларын күшейтуде
19 маусым, 2026
Әкімшілік әділеттің 5 жылы: азаматтардың өз құқықтарын қорғау мүмкіндіктері қалай өзгерді