Өрт шыққан жағдайдағы 5 әрекет


Төтенше жағдайлар министрлігі өрт туындаған жағдайда барлық азаматтар үшін әмбебап, қарапайым және түсінікті іс-қимыл алгоритмін ұсынды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Алгоритмнің әмбебаптығы кез келген жерде, мейлі ол тұрғын үй, қоғамдық орын, кеңсе бөлмесі, табиғи аймақ және т.б. өрттер туындаған кездегі барлық әрекеттер тізбегінен тұрады.
Өрт кенеттен пайда болуы мүмкін және мұндай қиын жағдайларда реакция жылдамдығы ғана емес, іс-әрекеттің дұрыстығы да маңызды. Нақты және құрылымдалған алгоритм адамдарға өзін-өзі ұстауға, жылдам бағдар алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті қадамдарды орындауға көмектеседі.
Осы алгоритмге сүйене отырып, әр адам дұрыс шаралар қолдана алады, осылайша ықтимал салдарының алдын алады және өрттен болатын зиянды азайтады.



