Астанада жол қозғалысы ережесін бұзған 19 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды

Астанада жол қозғалысы ережесін бұзған 19 мыңнан астам жаяу жүргінші жауапқа тартылды
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, жаз басталғалы бері қалада мотоцикл жүргізушілерінің тыныштықты бұзуының 123 дерегі тіркелген.

Құқық бұзушылықтарды анықтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

Сондай-ақ жолдың жүру бөлігін кесіп өту ережесін бұзғаны үшін 19 мыңнан астам жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қалалық прокуратура тұрғындарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы қажеттігін ескертті.

Құқық бұзушылықтың әрбір дерегі қала прокуратурасының бақылауында.