Елордалық жастарға қоғамдық тәртіпті бұзубаудың маңыздылығы түсіндірілді
«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру мақсатында Астана қаласының прокуратурасы өкілдері «Нұра» ауданы полиция басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп елорданың орталық саябағы аумағында профилактикалық іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.
Көбінесе, саябақ аумағында қоғамдық тәртіпті бұзу азаймай отыр. Олардың қатарында елорданың жас азаматтары бар.
Құқықбұзушылықты алдына алу аясында жастар арасында қоғамдық орындарда масаң күйде болу, көліктегі құқық бұзушылықтарды және қоғамдық тәртіпті бұзуды болдырмау маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар елорда жастарына көрсетілген құқық бұзушылықтар бойынша жауаптылық туралы жадынамалар таратылды.
Іс-шарамен 100-ге жуық жас азамат қамтылды.
Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырады. Әрбір азаматтың жауапкершілігі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызды шарты болып табылады.