Header Banner

БҚО-да коммуналдық кәсіпорын 74 қызметкер үшін міндетті төлемдерді аудармаған

Бүгін, 13:15
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
БҚО-да коммуналдық кәсіпорын 74 қызметкер үшін міндетті төлемдерді аудармаған
Фото: Оңалхан Өнерхан

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына сілтеме жасап. 

Аудандағы коммуналдық кәсіпорын 2025 жылдың IV тоқсанына салық декларациясына жалған мәліметтер енгізген. Ресми құжатқа сәйкес кәсіпорында қызметкерлер жоқ екенін көрсетілген. Сөйтіп 74 қызметкерге тиесілі 4 млн теңге көлемінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналарын және заңнамада көзделген өзге де төлемдерді аудармаған. 

Алайда «Еңбек.kz» ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне сәйкес, кәсіпорында 74 қызметкербар екені расталды. 

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар жойылып, 74 қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді.

Азаматтардың еңбек және әлеуметтік құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.