Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында осылай мәлім етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Министрлің айтуынша, биыл жазғы туристік маусым тиісті деңгейде өтті. Сонымен бірге, туристер санын одан әрі арттыру үшін инженерлік желілер мен автомобиль жолдарын салу, жағалауды бекіту және туристік аймақтардың көлік қатынасын жақсарту жобалары іске асырылып жатыр.
«Абай облысында құны 7,9 млрд теңге болатын «Алакөл – Көктал» электр желісі салынып жатыр. Жетісу облысында Алакөл жағалауын бекіту жұмыстары жүргізілуде. Алматы облысында Қайыңды көліне және «Көшпенділер қаласы» туристік нысанына апаратын жолдар салынды. Шығыс Қазақстан облысында Рахман қайнарларына апаратын 13 км асфальт төселіп, Қазақстандағы ең биік таулы көпірі бар айналма жолы ашылды. Бұл Катонқарағай, Бұқтырма және Алтаймен жыл бойы қауіпсіз байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Қарағанды облысында Балқаш-Тораңғылық магистральдық су құбырының құрылысы жалғасуда», – деді Ербол Мырзабосынов.
Еске салсақ, министр туризм саласынан ел бюджетіне 303 млрд теңге салық түскен мәлім етті.