Header Banner

Астанада көлігімен тротуарға шығып кеткен жүргізушіге айыппұл салынды

Астанада көлігімен тротуарға шығып кеткен жүргізушіге айыппұл салынды
Фото: Астана қаласының полиция департаменті

Астанада Changan маркалы көліктің жүргізушісі С.Аспандияров көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүрген, деп хабарлайды Elordainfo.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері тексеру барысында 38 жастағы жүргізушіні анықтады. Ер адам өзінің қателесіп тротуарға шығып кеткенін, бірден кері шығып, қозғалысын жалғастырғанын айтқан.

Жол қозғалысы қағидасын, атап айтқанда, тротуармен жүру талабын бұзғаны үшін жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды.

Полиция жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жол белгісі мен жол таңбасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады. 

Еске салсақ, елордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші 15 тәулікке қамалды.