Референдум-2026

Шетелдік журналистерді құрылтай сайлауына аккредиттеу басталды

Шетелдік журналистерді құрылтай сайлауына аккредиттеу басталды
Фото: СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 23 тамызға белгіленген Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын жариялауға ниетті шетелдік бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері үшін аккредиттеу басталғанын жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан заңнамасына сәйкес шетелдік журналистер Қазақстан аумағында кәсіби қызметін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Шетелдік БАҚ өкілдеріне жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда бір аудармашымен бірге жүруге рұқсат етіледі.

Шетел бұқаралық ақпарат құралдарында өкілдеріне аккредиттеу  өтінімдерін тамыздың 16-на дейін, хаттың тақырыбында «Kurultai Elections 2026» деп көрсетіп,  келесі электронды поштасы арқылы жіберуді сұраймыз: accreditation@mfa.kz

Аккредиттеу үшін қажетті құжаттар:

- журналисті аккредиттеуді сұрайтын бас редактордың хаты;

- журналистің қолданыстағы шетелдік паспортының көшірмесі;

- толтырылған аккредиттеу нысаны;

- журналистің электрондық фотосуреті (3×4 см);

- БАҚ туралы анықтамалық ақпарат.

Сұрақтар туындаған жағдайда ҚР СІМ баспасөз қызметіне  +7 7172 72 01 33 телефоны арқылы хабарласуды сұраймыз.