Референдум-2026

Халықаралық волонтерлер форумының қатысушылары «Таза Қазақстан» жобасын талқылады

Халықаралық волонтерлер форумының қатысушылары «Таза Қазақстан» жобасын талқылады
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Павлодар облысында қолжетімді және инклюзивті білім беруді дамытуға бағытталған EduBridge: Global Volunteer Forum for Inclusive Learning халықаралық волонтерлер форумы өтіп жатыр. Іс-шараға Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь және Қырғыз Республикасынан келген сарапшылар мен волонтерлік ұйымдардың өкілдері жиналды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Форумның екінші күні Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұйымдастырылып, жиында экологиялық волонтерлікті дамыту мәселелері айтылды. Эко-тимбилдинг аясында қатысушылар экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдарын талқылап, тәжірибе алмасты. Кездесудің негізгі тақырыбы – «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы.

Мұндай іс-шаралар экологиялық жауапкершілік құндылықтарын дәріптеуге, волонтерлік қозғалыстың аясын кеңейтуге және мемлекет, азаматтық қоғам мен халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.