Референдум-2026

Елорда прокуратурасы мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылық бойынша дәріс өткізді

Бүгін, 18:01
Думан Аманжол Думан Аманжол
Елорда прокуратурасы мектеп оқушыларына құқықтық сауаттылық бойынша дәріс өткізді
видеодан скрин/instagram.com/prokuratura.ast

Елорда прокуратурасы «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында мектеп оқушыларына арналған профилактикалық дәріс ұйымдастырды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Іс-шара Василий Тахтай атындағы спорт кешенінде өтіп, оған қала прокуратурасының қызметкерлері қатысты. Кездесу еркін әңгімелесу форматында ұйымдастырылды.

«Дәріс барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы жүріс-тұрыс қағидалары түсіндіріліп, жастар арасында жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Прокуратура қызметкерлері алаяқтық, дропперлік, есірткі қылмыстары және өзге де заңсыз әрекеттер үшін көзделген жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді», - делінген хабарламада.

Іс-шараға 50 жасөспірім қатысты.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай кездесулердің мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жасөспірімдердің қылмыстық схемаларға тартылу қаупін азайту және қоғамда құқық бұзушылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.

Қала прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуда профилактикалық жұмыстардың маңызы зор екенін атап өтті.

Еске салсақ, Астанада «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған профилактикалық дәріс өткен болатын.