Референдум-2026

Прокуратура қызметкерлері Діндерді зерттеу орталығы ұжымымен кездесті

Прокуратура қызметкерлері Діндерді зерттеу орталығы ұжымымен кездесті
Фото: видеодан скрин

Астанада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметкерлеріне құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған профилактикалық дәріс өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында прокуратура қызметкерлері заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, интернет-алаяқтықтың алдын алу, есірткі қылмыстарымен күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары мен құқық бұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Іс-шара барысында орталық қызметкерлері прокуратура өкілдеріне өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, тиісті кеңестер алды.

Профилактикалық дәріске Діндерді зерттеу орталығының 40-қа жуық қызметкері қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіруге бағытталған.

Бұған дейін Астана қаласы прокуратурасының елорда тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырғанын жазғанбыз.