Референдум-2026

Астана қаласының прокуратурасы елорда тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды

Астана қаласының прокуратурасы елорда тұрғындарын тазалықты сақтауға шақырды
Фото: видеодан скрин

Елорданың «Алматы» ауданында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында абаттандыру қағидаларының сақталуын бақылауға бағытталған рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Астана қаласы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, рейдтердің негізгі мақсаты – абаттандыру қағидаларының бұзылуын анықтау, олардың алдын алу және қала аумағында тазалық пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету.

Сонымен қатар прокуратура тұрғындар арасында құқықтық және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын да жүйелі түрде жүргізіп келеді. Бұл шаралар құқықбұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын орнықтыруға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды насихаттауға және қоғамдық орындарда тазалықты сақтауға бағытталған.

Астана қаласының прокуратурасы елорда тұрғындарын қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырды.

«Тәртіп пен тазалық әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады», – делінген хабарламада.

Бұған дейін елордадағы «Жерұйық» саябағында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау бойынша рейд өткен болатын.