Жаңа Конституцияның толық мәтіні аудио және бейне форматтарда қолжетімді
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының толық мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде аудио және бейне форматтарда қолжетімді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Конституциялық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының күшіне енуіне байланысты Конституциялық сот оның толық мәтінінің мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудионұсқасын әзірледі. Сондай-ақ Конституциялық соттың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында Конституцияның толық бейненұсқасы жарияланды.
«Жоба азаматтардың Ата заңға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Аудиоформат көру қабілеті бұзылған адамдар үшін, сондай-ақ ақпаратты тыңдау арқылы қабылдауды қалайтын барлық азаматтар үшін өте ыңғайлы», делінген хабарламада.
ҚР Конституциясының толық аудионұсқасы мына сілтемеде қолжетімді.