Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Аида Балаева басқарды. Делегация құрамында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, генерал-майор Айдос Мырзахметов те қатысты.
Жиынға қатысушылар әскери-саяси ахуалды, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін, сондай-ақ ҰҚШҰ қызметінің өзекті бағыттарын талқылады.
Отырыс барысында ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында бекітуге ұсынылған құжаттардың жобалары қаралды. 2027 жылы ұйымға төрағалық ету Тәжікстан Республикасына өтеді.

Сонымен қатар отырыс аясында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерімен жұмыс кездесулері өтті.