Референдум-2026

Мемлекет басшысы майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

Мемлекет басшысы майдангер Кемел Тоқаевқа арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті соғыс ардагерлеріне арналған Омбы госпиталі ғимаратының қасбетіндегі Кемел Тоқаевтың ескерткіш тақтасына гүл шоғын қойып, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан боздақтардың рухына тағзым етті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Медицина мекемесінде 1941 жылғы шілдеден бастап соғыста жараланған 150 мыңға жуық жауынгер емделген. Олардың арасында Мемлекет басшысының әкесі Кемел Тоқаев та болды. Ол бұл жерде 1945 жылдың ақпанынан маусым айына дейін ем алған. 



Бұдан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев майдангерлерге арналған Омбы госпиталінің құрылу тарихымен және қызметімен танысты.