Референдум-2026

Қазақстан мен Ресей Ертіс пен Жайық өзендеріне гидрологиялық зерттеу жүргізу мәселесін талқылады

Қазақстан мен Ресей Ертіс пен Жайық өзендеріне гидрологиялық зерттеу жүргізу мәселесін талқылады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумының «Жаһандық логистикалық экожүйені қалыптастыру: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының жаңа көкжиектері» тақырыбы аясында «Ертіс өзені: экологиялық әріптестік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бірлескен шаралар» атты панельдік сессия өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жиынға ҚР Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров қатысты. Ол Қазақстан мен Ресейдің трансшекаралық су нысандарын пайдалану және қорғау саласындағы ынтымақтастығының даму барысы туралы айтты.

Сессияда спикерлер Қазақстан мен Ресейдің қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимылы, Ертіс өзені бассейнінің экожүйесін сақтау шаралары, Ертіс пен Жайық өзендері бассейндерінде гидрологиялық зерттеулер жүргізу, сондай-ақ климаттың өзгеруінің трансшекаралық өзендердің су молдығына әсері мәселелерін талқылады.

Панельдік сессияның мақсаты – Ертіс өзенін қорғау, экологиялық мониторинг жүргізу және су ресурстарын ұтымды пайдалану бағыттарындағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының басым бағыттары бойынша ортақ түсінік қалыптастыру.

«Ертіс өзені бойынша ведомствоаралық жұмыс топтары аясында уәкілетті органдардың алдағы уақытта да сындарлы жұмысы екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және трансшекаралық су ресурстарын басқару тетіктерін жетілдіруге ықпал етеді деп сенеміз», – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.