Сайлау болатын күні басқа елдімекенге баратын тұрғын қалай дауыс береді
ҚР Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі қалай берілетінің түсіндіріпді, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Қазақстан азаматтары тиісті сайлау учаскелерінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша дауыс береді.
Сайлаушы өзінің болатын жерін ауыстырған кезде дауыс беру күніне он бес күн қалғанда немесе 2026 жылғы 7 тамыздан бастап учаскелiк сайлау комиссиясына өз өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде дауыс беру құқығын беретiн есептен шығару куәлігін ала алады.
Есептен шығару куәліктерін беру дауыс беру күнінен бір күн бұрын, яғни 2026 жылғы 22 тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде тоқтатылады.
Есептен шығару куәлігін сенімхат бойынша алуға рұқсат етіледі. Сенімхатты нотариатта куәландыру талап етілмейді.
Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді.
Дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі бір елдімекеннің шегіндегі басқа сайлау учаскесінде дауыс беруге қатысқысы келетін сайлаушыларға берілмейді.
Уақытша болатын жері бойынша сайлау учаскесінде дауыс беру кезінде учаскелік сайлау комиссиясы сайлау күні сайлаушыны жеке басын куәландыратын құжаттың негізінде сайлаушылар тізіміне енгізіп, есептен шығару куәлігінің орнына дауыс беруге арналған бюллетень береді.
Еске салсақ, шетелде жүрген Қазақстан азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыру үшін шет мемлекеттердегі Қазақстан дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жанынан учаскелік сайлау комиссиялары құрылды.