Референдум-2026

Құрылтай депутаттарын сайлау: шет мемлекеттерде учаскелік сайлау комиссиялары құрылады

Бүгін, 12:52
Думан Аманжол Думан Аманжол
Құрылтай депутаттарын сайлау: шет мемлекеттерде учаскелік сайлау комиссиялары құрылады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сайлау процесінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында Сыртқы істер министрлігі 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауында дауыс беруді ұйымдастыру үшін құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамы, орналасқан жері және жұмыс кестесі туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Учаскелік сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 «2026 жылғы 23 тамызға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 1 шілдедегі № 26/41 «2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» қаулысының негізінде құрылады.

Шетелде жүрген Қазақстан Республикасы азаматтарының дауыс беруін ұйымдастыруға ерекше назар аударылады. Осы мақсатта шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері жанынан тиісті учаскелік сайлау комиссиялары құрылады.

Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі дипломатиялық өкілдіктері жанынан құрылған учаскелік сайлау комиссияларының құрамын осы жерден біле аласыздар.

Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясы қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу тәртібін түсіндірді.