Бақытжан Базарбек: Заң үстемдігін дәріптеу – азаматтық міндетіміз

Бүгін, 15:42
Кербез Әлішер Кербез Әлішер
Бақытжан Базарбек: Заң үстемдігін дәріптеу – азаматтық міндетіміз
Фото: Мәжіліс отырысы, видеодан скрин

Қазіргі таңда қоғамымызда, халықтың құқықтық санасында заң мен тәртіпті орнықтыру, заң үстемдігін дәріптеу және заңға бағынуды мемлекеттің, әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз деп қарауымыз керек. Мұндай пікірді Мәжіліс депутаты Бахытжан Базарбаек айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Бірақ та өзекті, қордаланған және әлі де болса да шешімін таппай жүрген мәселелер жеткілікті. Біріншіден, сот реформасы мен соттардың шешімдері. Біз соттарды реформалау туралы заңды қабылдап, Жоғарғы соттан дербес азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша кассациялық соттарды құрдық. Сот төрелігіне азаматтардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін кассацияны және әкімшілік істер бойынша сот өндірісінің экстерриториалдығын енгіздік. Сөз жоқ, бұл үлкен жетістік», - деді ол.

Мәжіліс депутаты заңнаманы жетілдіру қажет екендігін жеткізді.

«Бірақ соттардың заңды күшіне енген шешімдері орындалмай келеді. Себебі барлықтарыңызға белгілі. Ол үшін әлі де заңнаманы жетілдіруіміз қажет, кем тұстарын қоғамның бүгінгі сұраныстарына сай өзгерту маңызды. Мәселен, өзім Мәжілістің қабылдау бөлмесінде бір күнде 160-тан астам азаматты қабылдадым. Бұл Парламентке деген сенім болғанымен, жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелер тиісінше жүзеге аспай, орталыққа дейін жетуде дегенді білдіреді. Сондықтан жергілікті органдардың жауапкершілігі мен жұмысын күшейту керек.  Сот – әділдіктің, ақиқаттың, ең бастысы, адамның құқықтарын жан-жақты қорғайтын институтқа айналуы тиіс. Әзірше, бұл толығымен іске аспай отыр», - деді Бахытжан Базарбек.

Депутат халықпен кешенді түрде жүргізіліп жатқан құқықтық реформа жоқ екендігін айтты.

«Тағы бір түйткіл, қоғамда мәселе шешкіш делдалдардың, яғни «помогайкалардың» көбейіп кетуі. Бұл бойынша да әділ шешім қабылдап, оларға заңмен тосқауыл қойған жөн. Екіншіден, халықпен кешенді түрде жүргізіліп жатқан құқықтық реформаның жоқтығы, құқықтық нигилизм мен адамдардың сана сезімінде заңды айналып өту, заңға бағынбау, заңның жетілмеген тұстары мен кемшілігін өз жеке пайдасына бейімдеу сияқты іс әрекеттер жиілеп кетті.  Кез келген салада үзілді кесілді заңның үстемдігі орнады деу қиын. Бұл ұзақ уақыт бойы заңдарды лоббистік жолмен олигархтардың мүддесі үшін әзірлеп қабылдағанының салдары. Құрылыстағы лобби, банктік топтар лоббиі, мұнай-газ саласындағы лобби сияқты дүниелер әзірдің өзінде де бар», - деді ол.