Бұл туралы ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы Данияр Мейірхан Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
«ІІМ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы бойынша жұмысты жалғастыруда. Астанада танымал фитнес-клубтардың бірінде жаттықтырушы ұсталды. 34 жастаға ер адам келушілердің сеніміне кіріп, есірткі таратумен айналысқан. Одан 11 реттік доза мефедрон табылды. Күдікті уақытша изоляторына қамалды», - деді комитет төрағасы.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады. Өйткені спорттық қоспалардың атымен есірткі таратылуы мүмкін.
Сондай-ақ, күдікті жағдайлар туралы дереу полицияға хабарлау қажеттігі ескертілді.