Президент еңбек, авиация және халықаралық әріптестікке қатысты заңдарды бекітті
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңдарға қол қойды деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олардың қатарында «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» заң бар.
Сонымен қатар Президент «Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а)-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы және Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 56-бабын өзгертуге қатысты хаттаманы ратификациялау туралы» заңды бекітті.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға да қол қойды.
Барлық заңдардың мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.
Еске салсақ, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев То Ламды Вьетнам Президенті болып сайлануымен құттықтады.