Премьер-министр еліміздің көмір қоры бойынша бәсекелестік артықшылығын пайдалануды ұсынды

Премьер-министр еліміздің көмір қоры бойынша бәсекелестік артықшылығын пайдалануды ұсынды
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Үкімет отырысында Олжас Бектенов еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі көмір өнеркәсібінің стратегиялық рөлін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Көмір өнеркәсібі және көмір стансаларында электр энергиясын өндіру отандық отын-энергетикалық кешеннің негізгі салалары саналады. Олар еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мемлекет басшысы ел экономикасында көмірмен қуат өндіру ісінің маңызын әрдайым атап өтіп, саланы одан әрі дамыту үшін бірқатар бағыттарды айқындап берді. Көмір қоры бойынша біз әлемдегі жетекші 10 елдің қатарына кіреміз. Бұл – біздің елеулі бәсекелік артықшылығымыз, оны тиімді пайдалануымыз керек», -  деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еске салсақ, Олжас Бектенов көмір кен орындарында цифрлық технология арқылы еңбек жағдайын қауіпсіз етуді тапсырды.