Астана әуежайында жөндеу жұмыстарына байланыста рейстер уақыты өзгереді
15 сәуір мен 31 мамыр аралығында әуежайдың ұшу-қону жолағында күн сайын сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайына сілтеме жасап.
«Осы кезеңге сәйкес келетін рейстердің барлығы алдын ала қайта жоспарланып, ертерек немесе кешірек уақыттарға ауыстырылды.
Осыған байланысты сапарыңызды жоспарлау барысында рейс уақытына қатысты ақпаратты алдын ала нақтылап алуларыңызды сұраймыз.
Жүргізілетін жұмыстар ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс айтамыз», - делінген хабарламада.
Әуежай терминалы мен барлық қызмет көрсету аймақтары қалыпты режимде жұмыс істейді.
Жолаушыларға тіркеу және тексеру аймақтарында кептеліс болмауы үшін әуежайға алдын ала келулері сұралады:
- ішкі рейстер үшін кемінде 2 сағат бұрын;
- халықаралық рейстер үшін кемінде 3 сағат бұрын.
Еске сала кетейік, Астана әуежайы Орталық Азия және ТМД-ның үздік өңірлік әуежайы атанды.