Авиациялық әкімшілік ұшақ жолаушысына қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін қарастырды

Авиациялық әкімшілік ұшақ жолаушысына қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесін қарастырды
Фото: Оңалхан Өнерхан

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі алаңында халықаралық әуе тасымалдары кезінде формальдылықты оңайлату жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 10-отырысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Отырысқа мемлекеттік органдарының, әуежайлары мен әуе компанияларының өкілдері қатысты.

«Жиында жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері, оның ішінде жеке басты куәландыратын электронды құжатты, электронды отырғызу талонымен енгізу және интеграциялау қарастырылды. Отандық әуе компаниялары одан әрі бірлесіп пысықтау үшін ұсыныстарын ұсынды.
Мемлекеттік органдардың әуе кемелерін тексеру рәсімін жетілдіруге, нормативтік базаны дамытуға және әуежайлардың транзиттік әлеуетін пайдалануға, сондай-ақ елге кіруге рұқсат берілмеген тұлғаларды уақытша орналастыру мәселесіне ерекше назар аударылды», делінген министрліктің хабарламасында.

Авиациялық әкімшілік 2026 жылға арналған азаматтық авиация саласындағы алдағы негізгі іс-шаралар туралы хабардар етті, олар саланы дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Отырыс қорытындысы бойынша шешімдер қабылданып, оларды орындау мерзімі айқындалды.

Еске сала кетсек, қазақстандық лоукостер FlyArystan Грузияның Кутаиси қаласына әуе рейстері санын арттырды.