Талдықорғанда таныстарын күштеп микронесие рәсімдеуге бопсалаған топтың қылмысы әшкереленді

Талдықорғанда таныстарын күштеп микронесие рәсімдеуге бопсалаған топтың қылмысы әшкереленді
Фото: pexels.com

Талдықорғанда 19 жастағы екі азамат таныстарын күш қолданамыз деп қорқытып, аттарына микронесиелер рәсімдеуге мәжбүрлеген. Полицейлер бопсалаушылар тобының әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Elordainfo.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық жоспар 2024 жылдың күзінен бері жалғасқан. Жәбірленушілер несие рәсімдеп, алынған қаражатты күдіктілерге берген.

Тергеу мәліметінше, 6 адам зардап шеккен. Жалпы келтірілген шығын 2 млн теңгеден асты. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Құқық қорғау органдары тұрғындарға кез келген қысым көрсету немесе бопсалау фактілері орын алған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажет екенін ескертеді.

«Заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету тұрақты бақылауда», – делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақтөбе облысында шахтерлерден ақша бопсалаушылар ұсталғанын жазғанбыз.