Ақтөбе облысында шахтерлерден ақша бопсалаушылар ұсталды

Бүгін, 13:03
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Ақтөбе облысында шахтерлерден ақша бопсалаушылар ұсталды
фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында бопсалаумен айналысқан екі қылмыстық топты ұстады, Elordainfo.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Хромтау қаласында жергілікті қылмыстық орта өкілдері қорқыту мен күш қолдану арқылы шахтерлерден ақша бопсалаған. Бірақ жәбірленушілер құқық қорғау органдарына жүгінбеген.

Жедел қызметкерлер күдіктілердің толық анықтап, бұлтартпас дәлелдер жинап, барлық қатысушыны бір мезгілде ұстау операциясын жүргізді. 20 санкцияланған тінту шарасы барысында ақша мен өзге де айғақ заттар тәркіленді.

Осындай қылмыстық әрекеттер Ақтөбе қаласында да тоқтатылды. Мұнда полиция көңіл көтеру орындарына бағытталған бопсалаушылар тобын анықтады. Қаскөйлер күш қолданумен және күзет қызметкерлеріне қысым көрсетумен айналысып, өздерінің заңсыз «қорғауын» күштеп таңған.

Қылмыстық топтың барлық мүшесі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың өзге де ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұдан бұрын интернет алаяқтардың «медицина қызметкерімін» деп қоңырау шалуға көшкені туралы жаздық.