Боксшы Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды

Бүгін, 10:05
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Боксшы Әйгерім Сәттібаева Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Фото: ҚБФ

Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында бүгін, 7 сәуірде жартылай финалда ел құрамасынан Әйгерім Сәттібаева жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық олимпиадалық комитетке сілтеме жасап. 

Бұрымды боксшымыз 48 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Номундарь Энх-Амгаланмен (Моңғолия) кездесті.

Үш раундтың қорытындысы бойынша моңғолиялық боксшы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Ал Әйгерім Сәттібаева жарысты қола жүлдемен аяқтады.