Жаңа ЖЭО-ларда ЖИ және «таза көмір» технологиялары енгізіледі

Бүгін, 10:55
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Жаңа ЖЭО-ларда ЖИ және «таза көмір» технологиялары енгізіледі
Фото: primeminister.kz

«Самұрық-Энерго» компаниясының басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жаңа электр стансаларына заманауи цифрлық және экологиялық шешімдер енгізілетінін атап өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, стансаға жабдықтардың жай-күйін бақылау датчиктері орнатылып, жабдықтың жұмысындағы ауытқуларды уақтылы анықтау үшін болжамды талдау тәсілі қолданылады.

Сондай-ақ заманауи «таза көмір» технологиялары енгізілетін болады. Олар:

- азот тотығының (NOx) қалдықтарын азайтуға арналған төмен эмиссиялық ошақтар;

- NOx-ты қосымша тағы тазартуға арналған SCR жүйелері;

- күлді тұтып қалуға арналған электростатикалық және оқпан сүзгілері;

- әрбір қазандыққа орнатылатын арнайы күкірт тазарту реакторлары.

«Бұл зиянды заттардың қалдықтарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа стансалар ҚР экологиялық заңнамасының талаптарына сай болады», - деп атап өтті Қайрат Мақсұтов.

Бұған дейін Қазақстандағы көмір қорының көлемі 33 млрд тоннадан асатынын жаздық.