Еліміздің 8 боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты

Бүгін, 16:56
Думан Аманжол Думан Аманжол
Еліміздің 8 боксшысы Азия чемпионатының финалына шықты
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалдағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Ұлттық құрамадан финал жолдамасы үшін соңғы болып шаршы алаңға Сағындық Тоғамбай (90 келіге дейін) шықты.

Жартылай финалдағы қарсыласы өзбекстандық Халимжон Мамасолиев болды. Алғашқы раундта Тоғамбай қарсыласынан 4:1 есебімен басым түсті.

Екінші раундта Мамасолиев есепті теңестірді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті 4:1 есебімен Өзбекстан боксшысына берді. Осылайша, Тоғамбай турнирді қола жүлдемен аяқтады.

«Жартылай финал қорытындысы бойынша сегіз қазақстандық боксшы финалға жолдама алды. Алтын медаль үшін Бақыт Сейдіш (70 келіге дейін), Дина Исламбекова (80 келіден жоғары), Надежда Рябец (80 келіге дейін), Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін), Сабыржан Аққалықов (75 келіге дейін), Нұрбек Оралбай (85 келіге дейін) және Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жұдырықтасады», - деп хабарлады ҰОК-тың баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін боксшы Әйгерім Сәттібаева да Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған болатын