Биыл көмір саласына 553 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланды

Бүгін, 11:21
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Биыл көмір саласына 553 млрд теңгеден астам инвестиция тарту жоспарланды
Фото: freepik.com

Бүгінгі таңда қатты пайдалы қазбалар саласында көмір бойынша 40 жер қойнауын пайдаланушы 41 келісімшарт бойынша қызмет жүргізуде. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министр қазіргі уақытта көмір саласына жаңа инвестициялар тарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Жұмыс бағдарламаларына сәйкес 2025 жылы көмір өнеркәсібіндегі келісімшарттарға салынған инвестициялар көлемі 305 млрд теңгені құрады, ал 2026 жылы салаға тартылған инвестиция шамамен 553,5 млрд теңге болады деп күтілуде.

«Көмір өнеркәсібінде 32 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылғанын атап өткен жөн. Сектордың тұрақты дамуы барысында жұмыс орындарының саны өсе түспек. Министрлік көмір саласындағы геологиялық барлауды дамытуға ерекше назар аударып отыр. Биыл жыл соңына дейін шамамен 10 учаске бойынша көмір кен орындарына жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы аукцион өткізу жоспарлануда», - деді Ерлан Ақкенженов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қанша көмір қоры бар екені туралы жаздық.