Азия чемпионаты: Нұрбек Оралбай алтын жүлдеге таласады

Бүгін, 11:32
Думан Аманжол Думан Аманжол
Азия чемпионаты: Нұрбек Оралбай алтын жүлдеге таласады
Фото: Ұлттық Олимпиадалық комитет

Қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбай Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ұлттық Олимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін отандасымыз жартылай финалда моңғолиялық Бариахан Доржпен кездесті. Жекпе-жектің алғашқы раундында Оралбай қарсыласын нокдаунға жіберіп, айқын басымдық танытты. Кейінгі раундтарда да үстемдігін сақтаған ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен (5:0) жеңіске жетті. 

Осылайша, Нұрбек Оралбай алтын медаль үшін өтетін финалдық айқасқа жолдама алды. Бұған дейін 75 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов та финалға шыққан еді.

Еске салсақ, қазақстандық боксшы Әйгерім Сәттібаева аталған чемпионатта қола жүлдеге ие болды.