Астанада LRT сынағы толық 19 құраммен жүргізіле бастады
Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесі бір уақытта 19 құрамды қатыстырумен көппойызды кешенді сынақтарға өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz City Transportation Systems ЖШС сілтеме жасап.
«Сынақтар машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде өткізіледі. Қазіргі кезеңде пойыздардың нақты қозғалыс кестесі моделденуде, онымен бірге жолаушыларды отырғызу және түсіру, стансалардағы тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріледі.
Осы кезеңнің нәтижелері жүйені қосымша баптауға және тұрақты жұмыс жағдайында LRT тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады», - делінген хабарламада.
Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілді. Желіде 15 пойыз жүретін болады. Қалған құрамдар резерв ретінде қарастырылған.
Еске сала кетейік, елордада алты автобустың қозғалыс бағыты өзгерді.