Қаржылық мониторинг агенттігінің үздік тергеушілері анықталды

Бүгін, 15:28
Думан Аманжол Думан Аманжол
Қаржылық мониторинг агенттігінің үздік тергеушілері анықталды
Фото: ҚМА

Алматы қаласында Тергеуші күніне орай «Тергеуші кубогы» атты зияткерлік байқау ұйымдастырылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлік департаменттерінен 250-ден астам тергеу қызметкері қатысып, өзара бақ сынасты.

Іріктеу кезеңдерінің нәтижесі бойынша кәсіби білімі мен тәжірибесі жоғары 20 үздік тергеуші анықталды. Байқау екі кезең бойынша өтті: алғашқы кезеңде қатысушылар зияткерлік тапсырмаларды орындаса, екінші кезеңде тергеу әрекеттерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, практикалық дағдыларын дәлелдеді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

1 орын — Альнұр Исабеков, Шымкент қаласы бойынша ЭТД;
 2 орын — Али Мумтаз, Алматы облысы бойынша ЭТД;
 3 орынды:
Аяна Мулдашева, Батыс Қазақстан облысы бойынша ЭТД;
Ануар Турабеков, Астана қаласы бойынша ЭТД;
Айгерим Изимова, Ұлытау облысы бойынша ЭТД бөлісті.

Айта кетейік, аталмыш байқау алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізілмек.

«Мұндай іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттырып, аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытуға және өңірлік бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді», - делінеді хабарламада.

Еске салсақ, елімізде 17 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды.