00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент сарбазды соққыға жыққандарды шұғыл жауапқа тартуды тапсырды

24 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
Президент сарбазды соққыға жыққандарды шұғыл жауапқа тартуды тапсырды
Фото: akorda.kz

Президент белгісіз адамдардың Ұлттық ұлан сарбазын пойыз тамбурында ұрғаны таспаланған бейнематериалмен танысып шықты. Бұл туралы Президент кеңесшісі – Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қаскөйлерді ұстап, заңнамаға сәйкес жауапқа тарту үшін шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

«Әскердегі және басқа да күштік ұйымдардағы зорлық-зомбылықтың барлық фактісі Президентке баяндалады. Мұндай жағдайлар бақылауға алынады. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2 қыркүйектегі Жолдауында жас сарбаздардың денсаулығы мен абырой-беделіне қол сұғуға жол бермеу қажет екеніне назар аударған еді. Сонымен қатар бұл мәселеге әскери құрылымдардың басшылары тікелей жауапты екенін айтқан болатын», - делінген хабарламада.