Елордалық жүзгіш халықаралық турнирде алтын медаль жеңіп алды
5 мамыр, 2025
Фото: Астана қаласы әкімдігінен
Афина қаласында (Грекия) өтіп жатқан Acropolis Swim Open 2025 халықаралық турнирінде Астана қаласының спортшысы Әділбек Мусин 100 метр қашықтыққа баттерфляй әдісімен жүзуде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың бірінші күні Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдеге ие болған болатын.
Айта кетейік, байрақты додаға 8 елден 680-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Турнир 5 мамыр күні өз мәресіне жетеді.
Ұқсас жаңалықтар
11 қыркүйек, 2026
Астаналық спортшы пара атудан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
9 қыркүйек, 2026
Азия ойындары: Жапонияда ел намысын 77 астаналық спортшы қорғайды
7 қыркүйек, 2026
Елорда спортшылары VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 8 медаль жеңіп алды
6 қыркүйек, 2026
Астаналық студент Echo of Nomads байқауында күміс жүлде иеленді