00:00
Астана -10oC
Іздеу RU

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады

Қазақстанда қалдықтарды қайта өңдейтін 41 зауыт салынады
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу зауыттарын салу мәселесі талқыланды, деп хабарлады Elordainfo.kz

Қазіргі уақытта Экология және табиғи ресурстар министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын 65 жоба бар.

Ұсынылған кәсіпорындардың барлық тізімінен 41 қызмет қоқысты қайта өңдеуге бағытталғанын атап өткен жөн. Олардың жалпы өңдеу қуаты жылына 1,1 млн тоннаны құрайды. Тізімдегі жобалардың барлығын іске асыру 4,5 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға және 54,6 млрд теңге жеке инвестиция тартуға мүмкіндік береді, - деді Экология және табиғи ресурстар министрі Нұрлан Нысанбаев. 

Сондай-ақ спутниктік суреттер Қазақстандағы 4,5 мыңға жуық қоқыс үйіндісін жоюға көмектескен. 

Былтыр ғарыштан түсірілген суреттер 4,8 мыңға жуық заңсыз үйілген қалдықтарды анықтауға көмектесті. Олардың барлығы дерлік жойылды, - деді министр.

Қазіргі уақытта министрлік басшылығы осы бағыттағы жұмысты күшейту бастамасын көтеріп отыр. Атап айтқанда, ведомство жетекшісі Нұрлан Нысанбаев елді мекендерге ғарыштық мониторинг жүргізуді қамту аймағын, сондай-ақ ғарыштық түсірілімдерді өткізу жиілігін кеңейтуді ұсынды.