Тағы бір Кертағы құлындады
Қазақстанда кертағының (Пржевальский жылқысының) екінші құлыны дүниеге келді. Бұл жолы Умбра есімді бие құлындады. Қазір енесі мен төлі бірге, мамандар оларды бақылап отыр, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.
Алғашқы құлын 22 тамызда «Алтын дала» резерваты аумағындағы «Әліби» реинтродукциялау орталығында туған еді. Енді араға көп уақыт салмай екінші төлдің дүниеге келуі — ерекше қуанышты жаңалық.
Кертағылар Қазақстанға 2024 жылдан бері әкелініп келеді. 2024 жылы 7, 2025 жылы тағы 7, биыл 8 жылқы жеткізілді.
Енді сол жабайы жылқы қазақ даласында төлдеп жатыр. Бағдарламаның көздегені де - кертағыны тарихи мекеніне қайтарып, табиғи ортада өздігінен тіршілік етіп, көбейетін тұрақты популяция қалыптастыру.