Қазақстан даласында Пржевальский жылқысы алғаш рет төлдеді

Қазақстан даласында Пржевальский жылқысы алғаш рет төлдеді
Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

«Алтын Дала» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында Пржевальский жылқысының Қазақстандағы алғашқы төлі туды. Бұл жануарлардың жаңа ортаға бейімделіп, табиғи жолмен көбейе бастағанын көрсетеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл – жануарлардың Қазақстанның табиғи жағдайларына бейімделіп, табиғи жолмен көбейе бастағанын көрсететін маңызды нәтиже. Алғашқы құлын 22 тамызда «Әліби» жабайы тұяқты жануарларды реинтродукциялау орталығында туған.

Құлынның енесі – 2024 жылы Берлин Тирпаркінен Қазақстанға жеткізілген жеті жасар Тесса. Бұл – оның алғашқы төлі. Мамандардың айтуынша, құлын мен енесінің жағдайы жақсы.

Пржевальский жылқысын Қазақстанға қайтару бағдарламасы 2024 жылы басталды. Сол жылы елге 7 жылқы жеткізілсе, 2025 жылы тағы 7, ал 2026 жылы 8 жылқы әкелінді. 2029 жылға дейін Қазақстанға шамамен 40 Пржевальский жылқысын жеткізу жоспарланып отыр.

Бағдарламаның түпкі мақсаты – жануарларды тарихи мекеніне қайтарып қана қоймай, табиғи ортада өздігінен көбейетін тұрақты популяция қалыптастыру.