Қозыны 30 рет көтерген төрт жасар балдырған жұртты тәнті етті (ВИДЕО)


Маңғыстау облысы Түпқараған ауданында Наурызға арналған іс-шарада қозыны 30 рет көтеріп, тұрып-отырған 4 жасар бала жұртты тәнті ентті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Кішкентай Айсұлтан Беріктің қозыны көтерген видеосы желіде тарады. Бұл сайысты тәрбиешілер Наурызға арналған іс-шара аясында ұйымдастырған екен. Желі қолданушылары сәбидің күшіне таңғалды.
Тәрбиеші Гүлнұр Әлиасқарованың айтуынша, мұндай жарыстар жыл сайын өткізіледі. Ал балалар арасында мықты ұлдар көп екен.
«Балалар кішкентай кезінен физикалық белсенділікке үйренген. Олар күнделікті ата-аналарына, ата-әжелеріне мал бағуға көмектеседі. Сондықтан олар үшін мұндай міндет қиын емес. Топтағы Санжар есімді бала лақты 35 рет көтерді. Сондай-ақ балалар атқа мініп, әдеттегідей ауылдағы үлкендерді келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтады», - деді ол.
Баланың мықтылығына желі жұртшылығы тәнті болып түрлі пікір қалдырды.
«Қошақан көтерген қошақан», «Бұл бүлдіршінге күшті сыйлық берілуі керек», «Болашақ балуан», «Мықты бала», - деп жазды көпшілік.



