«1 мың пәтер ойнатылады»: Жалған акция туралы ескерту жасалды
BI Group компаниясы әлеуметтік желі мен мессенджерлерде таралып жатқан 1 000 пәтер ойнатылады деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, BI Group та, компанияның акционері Айдын Рақымбаев та мұндай акция ұйымдастырмаған және өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Жалған жазбада көрсетілген акцияның шарттары, өтетін күні, орны және басқа да мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.
Компания өкілдері азаматтарды күмәнді сілтемелер мен QR-кодтарды ашпауға, жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге және жалған ақпаратты таратпауға шақырды.
«BI Group-тың барлық акциялары мен бастамалары туралы ақпарат компанияның ресми ақпарат көздерінде ғана жарияланады.
Алаяқтыққа тап болмас үшін тек тексерілген ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Астанада полиция ипотекалық тұрғын үйді рәсімдеуге көмектесетінін айтып тұрғындарды алдаған келіншекті ұстады.