Референдум-2026

«Ипотека рәсімдеуге көмектесемін»: Астанада алаяқтық жасаған әйел ұсталды

Бүгін, 15:17
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
«Ипотека рәсімдеуге көмектесемін»: Астанада алаяқтық жасаған әйел ұсталды
Фото: magnific.com

Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері ипотекалық тұрғын үйді рәсімдеуге көмектесемін деген сылтаумен алаяқтық жасады деген күдікпен 25 жастағы әйелді ұстады, деп хабарлайды Elordainfo.kz polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті өзінің бұрынғы сыныптасының сеніміне кіріп, үлкен аумақтағы пәтерге ипотеканы қысқа мерзімде рәсімдеуге көмектесе алатынын айтқан. Өз сөздерінің шынайылығына сендіру мақсатында әлеуметтік желілерде тиісті ақпарат жариялап, қажетті мүмкіндіктері мен байланыстары бар екенін көрсеткен.

Уәдеге сенген жәбірленуші оған 3 миллион теңге берген. Алайда ақшаны алғаннан кейін күдікті онымен байланысын үзген және өзіне алған міндеттемелерін орындамаған.

«Жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Астана қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, оны басқа өңір аумағында ұстады», - делінген хабарламада.

Полиция азаматтарды бейтаныс адамдарға, сондай-ақ таныстарына да ақшалай қаражатты тиісті шарттық міндеттемелерді ресми түрде рәсімдемей бермеуге шақырады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді жедел алу немесе жылжымайтын мүлікті рәсімдеуді тездетіп беру туралы уәделерге сенбей, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру қажет.

Күмән туындаған жағдайда, азаматтарға тиісті мемлекеттік органдарға жүгініп, ұсынылып отырған қызметтің заңдылығын алдын ала анықтау ұсынылады.

Еске сала кетейік, астаналықтар алаяқтықтан қорғанудың жолдарын үйренді.