Референдум-2026

Арыстағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрі фрагменті жарылды - ВИДЕО

Бүгін, 15:05
Думан Аманжол Думан Аманжол
Арыстағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрі фрагменті жарылды - ВИДЕО
видеодан кадр/telegram.org/kriminal_kazakhstan

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімдердің бірінің аумағында құрғақ шөп өртеніп, өрт кезінде жоюға дайындалған оқ-дәрі фрагменті жарылды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 19 тамызда сағат 19:00 шамасында Арыс гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің техникалық аумағында құрғақ шөп тұтанған.

«Өрт кезінде жоюға алдын ала дайындалған оқ-дәрі фрагментінің дүмпу дауысы естілген. 

Зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ. Жағдай бақылауда. Өрт толықтай өшірілді, оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомство азаматтарды әлеуметтік желілерде тараған расталмаған ақпараттарға сенбеуге және оқиғаға қатысты мәліметтерді тек ресми дереккөздерден алуға шақырды.