Референдум-2026

Астана және Алматыда бес жас ғалымға баспана беріледі

Астана және Алматыда бес жас ғалымға баспана беріледі
Фото: Оңалхан Өнерхан

Ғылыми ұйымдар мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жас ғалымдарына пәтер бөлу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап. 

Отырыс қорытындысы бойынша Астана және Алматы қалаларында бес жас ғалымға тұрғын үй беру мақұлданды.

Жас ғалымдарды тұрғын үймен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Бұл шара олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға, кәсіби қызметіне қолайлы жағдай жасауға және жас кадрларды ғылым саласында тұрақтандыруға бағытталған.

Сонымен қатар жас ғалымдарға арналған 2023–2027 жылдарға арналған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама Ғылым және жоғары білім министрлігі мен «Отбасы банк» АҚ арасында 2023 жылғы 19 қазанда жасалған ынтымақтастық туралы келісім аясында жүзеге асырылады.

Еске сала кетсек, елімізде жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі.