Референдум-2026

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының құмар ойынға қатысқаны анықталды

Бүгін, 17:09
Думан Аманжол Думан Аманжол
Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысының құмар ойынға қатысқаны анықталды
Фото: magnific.com

Алматы облысында 20 жеке сот орындаушысы букмекерлік кеңседе тұрақты түрде ойын шоттарын толықтырып, құмар ойындарға жүйелі түрде қатысқан, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, олардың ойын шоттарына аударған қаражатының жалпы көлемі 180 млн теңгеге жуықтаған.

«Тексеру нәтижесінде олардың біреуі үш жыл ішінде ойын шотына 139 млн теңге, тағы бірі 26 млн теңге аударғаны белгілі болды. Жария-маңызды функцияларды жүзеге асыратын тұлғалардың осындай көлемдегі қаражатпен құмар ойындарға қатысуы кәсіби әдеп қағидаттарына қайшы келеді және қоғамның жеке сот орындаушылары институтына деген сеніміне кері әсер етеді», - делінген хабарламада.

Аталған фактілер бойынша прокурорлық қадағалау актілері Әділет департаменті мен Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жолданып, заңда көзделген шараларды қабылдау мәселесі көтерілді.

Еске салсақ, Астанада түнде тыныштықты бұзған әйел жауапкершілікке тартылды.