Референдум-2026

Астанада Р.Қошқарбаев даңғылында автобус жолағы енгізіледі

Бүгін, 20:02
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Астанада Р.Қошқарбаев даңғылында автобус жолағы енгізіледі
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Астанада 20 тамыздан бастап Р.Қошқарбаев даңғылының Тәуелсіздік даңғылынан М.Төлебаев көшесіне дейінгі бөлігінде автобус жолағы енгізіледі, деп хабарлайды Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Арнайы бөлінген жолақ қоғамдық көліктің кедергісіз жүруіне мүмкіндік беріп, оның жұмыс тиімділігін арттыруға, жол жүру уақытын қысқартуға және жолаушылар үшін қатынасты барынша қолайлы етуге бағытталған.

Осыған байланысты жүргізушілерден аталған учаскедегі жол қозғалысы тәртібінің өзгеретінін алдын ала ескеріп, жол белгілері мен жол таңбаларының талаптарын қатаң сақтауды сұрайды.

Еске сала кетейік, елордада 4 автобустың жүру бағыты өзгерді.