Референдум-2026

Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін құттықтады

Бүгін, 11:03
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрін құттықтады
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Петер Мадьяр мен оның отандастарын ұлттық мереке – Әулие Иштван күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

– Мажарстанның бай мәдени мұрасынан бастау алатын бұл айтулы мейрам ұлт бірлігі мен ынтымағының жарқын белгісі, мажар халқының мақтанышы саналады, – деп жазылған жеделхатта.

Президент қазақ-мажар стратегиялық серіктестігін көптеген бағытта нығайта түсуге әрдайым бейіл екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас мажар халқына бақ-береке тіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады.