Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Испания Королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді.
Еске салсақ, Тоқаев тоғыз елдің елшісінен сенім грамоталарын қабылдап, Қазақстанның басты ұстанымын айтты.