Header Banner

Президент көлік-логистика саласындағы мәселелер бойынша шұғыл жиын өткізеді

Бүгін, 20:10
Думан Аманжол Думан Аманжол
Президент көлік-логистика саласындағы мәселелер бойынша шұғыл жиын өткізеді
Фото: Ақорда

13 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша шұғыл отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров жазды, деп хабарлайды Elordainfo.kz.

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау, ұлттық компания басшыларының жеке жауапкершілігі және еліміздегі стратегиялық маңызды кәсіпорындардың қызметіндегі заңдылық пен ашықтықты қамтамасыз ету мәселелеріне айрықша назар аударады.

Еске салсақ, бүгін «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Елжас Отыншиев сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.